Әлемнің ең беделді мұсылмандарының бірі - Шахрух Хан: Әрі кеткенде бар жасағаным, өз балаларыма қалай намаз оқуды, қалай Аллаға дұға етуді үйреткенім.
Әлемнің ең беделді мұсылмандарының бірі - Шахрух Хан: Әрі кеткенде бар жасағаным, өз балаларыма қалай намаз оқуды, қалай Аллаға дұға етуді үйреткенім.

 -  Р.Рахманды қоспағанда, өзіңізді ең беделді 500 мұсылмандардың қатарынан көргенде, қандай сезімде болдыңыз?

- Мұндай тізімдерді мақтану үшін бәсекеге қабілетті деп санамаймын. Мәселе, менің алған марапаттарымның санында емес. Мен туылғаннан бастап мұсылманмын және менің жасаған киноларым бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне әсер етеді деп ойлаймын.  Мен кино саласында 18 жылдан бері белсенді түрде жұмыс жасап келем, менің жұмысым әлемнің түкпір – түкпіріне тарады, оның ішінде Германия, Польша, Дубай, АҚШ, Марокко және Оңтүстік-шығыс Азия елдері де бар. Адамдар мені жақсы біледі, себебі олар  менің киноларымды қарайды, бірақ мен өзімді ешқашан беделді сезінген емеспін.

- Қалай олайсыз, неге сізді таңдады?

- Менің ойымша, бұл - менің фильмдеріме байланысты. Мен әртүрлі кино жасағым келеді, жақсылық пен үміт туралы. Олар өмірге бағыт беріп отырады. Мен романтикалық, «Алға Индия!»(Индия, вперед!) сынды патриоттық фильмдер жасадым. Сонымен қатар Ом Шанти Ом сияқты күлкілі, адамдарға көңіл күй сыйлайтын дүниелер де бар. Осы арқылы мен адамдардың, әсіресе балалар мен жастардың өміріне әсер ете аламын деп үміттенемін. Солай мен балаларыма өмір сүруді және қалай жақсы өмір сүруді үйрете аламын. 

- Бүгінгі таңда білімді, либералды, мұсылман ретінде өзіңіздің осы еңбегіңізден қандай сезімдесіз?

- Айтқандарыңызбен келіспеймін, бұл мәселе бойынша көп нәрсе істеген жоқпын деп ойлаймын. Дегенмен мен мұсылман, білімді және либералды болғанымды мақтан тұтам, тағыда мен үндіс болғанымды үлкен мақтаныш көрем. Менің діңге деген көзқарасым және адамдардың қалай әрекет етуі керек дегенге көзқарасым өте мықты. Мен жәй ғана өз жұмысымды жасаймын. «Сіздің жұмысыңыз, сіздің кім екеніңізді анықтайды» дегенге шын ниетіммен сенемін. Мен қоғам қайраткері емеспін. Уақытты отбасыммен өткіземін. Әрі кеткенде бар жасағаным, өз балаларыма қалай намаз оқуды, қалай Аллаға дұға етуді үйретемін. Маған ақша және танымалдық алып келетін жақсы түсірілімдер жасаған болармын, бірақ мен үшін бұл – жақсы және тұрақты жұмыс болып табылады. Мен кино жасаймын деп шештім және ол жақсылық әкелуде, дәл осы адамдарға әсер етіп, маған танымалдық сыйлауда. Басқа атқарған ісім көп емес.  

кхан

- Сіздің келесі киноңыз «Менің атым Хан» (Меня, зовут Хан). Сіз, бұл картина Халықаралық кинофестивальде көпшілікпен қабылданып, әрі қарай болашағы болады деп санайсыз ба?

- Мен ешқашан ғаламдық киноның жақтаушысы болған емеспін, сондықтан біздің фильмдер осы жағдайды өзгертеді деп ойламаймын. Менің атым Хан бұл – мұсылманның мінезіне негізделген адамгершілік туралы арнайы тақырып. Кез келген діннің – бұл Алла болсын, мейлі Құдай немесе Бхагван болсын – негізгі ұстанымы жақсы адам болу және Менің атым Хандағы Ханда солардың бірі. Каран осы махаббат хикаясын керемет етіп драмалап, ерекше пішінде қарастырған. Бұл мінезге махаббат жолында кедергілерді жеңуге, ал ең бастысы сол кедергі дүние таным болып табылатын махаббат хикаясы. Өзінің ғашығының жүрегін жаулап алу үшін кедергілерді қалай жеңетіндігі жөнінде суреттеледі, картинада. Фильм кең ауқымда түсірілген және Фокс компаниясымен бірге аренаға шығады. Туынды адамгершілік тұрғысынан айтарлықтай маңызды пішінде жасалған. Сонымен қатар Индияның ең күшті режиссері Каранмен бірге Фокс басшылығы да оның бүкіл әлемге таралуымен айналысуда. Махаббатты жолдау  - осылай халықаралық деңгейде ұсынылды және оның халықаралық таралымға шығуға барлық мүмкіндіктері бар.

кхан

- Сіз үшін әлемдегі ең беделді кісі кім?

- Киножұлдыз әр жаңа картина шыққан сайын ауысып отырады, менің ойымша өмір өзгерседе, өзгермейтін – Халықтың әсері. Бүгінгі таңда жаһандық әсер жоқ, алайда ұжымдық әсер бар. Мен әлем бір адамның әсерінде болады дегенге сенбеймін. Бір адаммен шектеліп қалу үшін, әлем тым ақылды болып кетті. Бұл көпшіліктің ойы.

- Шынайы билік және әсер ету дегеніміз не?       

- Мен үшін адамдарға жақсылық сыйлау және олардың жүзіне күлкі ұялату мүмкіндігі ең маңызды. Ол жас буынның сауатты ойын тудыра білуі керек.




http://www.mid-day.com сайтының мақаласы, аударған Гүлнұр Досбол.

Мұсылман, кино, Шахрух Хан, сұқбат
Гүлнұр ДосболГүлнұр Досбол
6 жыл бұрын 5280
2 пікір
Блог туралы