Жамандық пен жақсылық
Жамандық пен жақсылық

 

Бірде, танымал университеттің профессоры өзінің студенттеріне сұрақ қояды:

-          Құдай (Алла) бәрін жаратушы ма?

Студенттердің бірі, батыл түрде:

-          Әрине, жаратушы,- деп жауап береді.

-          Сіз, Құдай бәрін жаратты деп санайсыз ғой? – деп сұрайды профессор.

-          Ия, - деп жауап береді студент.

-          Егер, Құдай бәрін жаратқан болса, жамандықты (зұлымдықты) да ол жаратқан ғой. Ал, біздің әрекетімзге байланысты, біздің кім екенімізді білуге болады деген, жалпыға ортақ ұстанымға сәйкес, біз, Құдай – зұлымдықтың өзі деген болжам жасай аламыз, - дейді профессор.

Студент үндемей қалады. Себебі, оның оқытушысы айтқан  ойға қарсы аргументі болмайды.  Ал, өзіне көңілі толған профессор, студенттерінің алдында, діннің адамдармен ойлап табылған аңыз екендігін, тағы бір дәлелдегенін айтып мәз болады.

Бірақ осы тұста екінші бір студент қолын көтеріп:

-          Осыған байланысты сізге сұрақ қоюға болады ма, профессор?

-          Әрине.

-          Профессор, суық деген бар ма?

-          Бұл тағы не сұрақ?! Әрине, бар. Сіз бір кездері жаурайсыз ғой?

Аудиториядағы студенттер досының сауалына күледі. Ол болса:

-          Шындығында, суық деген жоқ. Физика заңына сәйкес, біз суық деп санап жүргеніміз, бұл тек жылудың жоқтығы. Бұл дүниеде тек, энергия шығаратын нысан ғана зерттеуге келеді. Жылу дегеніміз дене немесе метрияны энегрия шығаруға итермелейтін нәрсе. Абсолюттік нөл ( - 273° С)  - бұл жылудың мүлде болмауы және мұндай температурада кез келген материя  инерцияға айналып, ешнәрсеге әсер етпей қалады. Суық деген табиғатта жоқ. Адамдар бұл сөзді өздеріне жылу жетпеген уақыттағы күйлерін сипаттау үшін ойлап тапты.

Студент әрі қарай жалғастыады:

-          Профессор, қараңғылық деген бар ма?

-          Әрине, бар, мұны өздерің де жақсы білесіңдер...- деп жауап береді профессор.

Студент келіспейді:

-          Бұл тұста да сіз қателесіз, табиғатта қараңғылық деген де жоқ. Қараңғылық дегеніміз жарықтың болмауы. Біз жарықты зерттей аламыз, алайда қараңғылықты зерттеу мүмкін емес. Біз жарықты құрамдарға бөліп, әр толқынның ұзындығын өлшеу үшін Ньютонның призмасын қолданамыз. Алайда, қараңғылықты өлшеу мүмкін емес. Кішкентай ғана сәуле қараңғы жерді жап-жарық етеді. Бірақ, қараңғылықтың деңгейін қалай анықтауға болады? Біз тек жарықтың мөлшерін ғана өлшейміз, солай емес пе? Қараңғылық – бұл жарық жоқ кездегі жағдайды суреттейтін сөз ғана.

Студент жігерлі түрде әрі қарай жалғастыра берді:

-          Енді айтыңызшы, өзіңіз айтқан жамандық бар ма?  

Профессор сенімсіз жауап қатты:

-          Әрине, мен оны түсіндірдім ғой, егер, сіз мені мұқият тыңдаған болсаңыз, жас жігіт. Біз жамандықты күнде көріп жүрміз. Ол адамның адамға деген қатігездігінен, әр жерде болып жатқан қылмыстың көптігінен көрінеді. Сонықтан жамандық деген бар.

Бұл сөздерге де студент қарсы келді:

-          Жамандық деген де жоқ, нақтырақ айтар болсақ, ол өздігінен өмір сүре алмайды. Жамандық деген Құдайдың болмауы, жарық пен жылылық болмаған кездегі - қараңғылық пен суық сияқты. Бұл – адамдардың Құдай болмаған кездегі жағдайды суреттеуі үшін қолданылатын сөз ғана. Жамандықты Құдай жаратпады. Жамандық – бұл жүрегінде Құдай жоқ адамдардың әрекетінің нәтижесі. Бұл жылу болмаған кезде келетін суық немесе жарық болғандағы қараңғылық сияқты.

Профессор үнсіз өзінің орнына отырды. Ал, тапқыр студент Альберт Эйнштейн болатын. 

эйнштейн

Гүлнұр ДосболГүлнұр Досбол
6 жыл бұрын 6155
1 пікір
Блог туралы