Мейірімді болуды ұмытпа! (қызықты оқиғалар)
Мейірімді болуды ұмытпа!  (қызықты оқиғалар)

Құрбым екеуміз сауда орталығында жүргенде, екі ойыншық ұтып алдық. Келе жатсақ алдымыздан әкесімен қыдырып жүрген ақыл-есі төмен бала шықты. Әлгі ойыншықтарды кішкентайға сыйға бердік. Ол «Рақмет!» деді. Сол сәтте әкесінің көзіне жас келген еді. Сөйтсек, бүлдіршін бірнеше айдан бері сөйлемеген екен.

Төрт ай бұрын маған «шаштың түсуі» деген диагноз қойды. Бір ай өткен соң мен шаштарымнан айрылдым. Мектепке баруға қатты қорықтым, себебі бәрі маған қарап, күлер деп ойладым. Келесі күні біреу есігімді қақты, ашсам оншақты досым бастарын тақырбас етіп алып, келіп тұр екен. Олардың арасында екеуі қыз бала болатын.

Таңертең үйге келе жатырмын. Ғимараттың кіреберіс қабырғасында: «Құрметті көршілер! Бүгін шамамен 9.20-да кіреберіс есікте 120 руб. жоғалды. Егер біреу тауып алған болса, өтініш, 76-шы пәтерде тұратын Антонина Петровнаға алып келіп беріңіздерші. Зейнетақысы 1640 руб.» деген қағаз ілулі тұр екен. Мен 120 руб. қалтама салып, есікті қақтым. Әжей ашты. Ақша ұсынған мені көре сала, құшақтап, жылап жіберді. «Ұнға барғанмын, қайтарда есікті ашамын деп кілітті алғанда, ақшаны түсіріп алған болармын» деді. Бірақ, ақшаны алмаймын деп бас тартты. Сөтсем, бірнеше сағаттың ішінде мен әжейдің ақшасын тапқан алтыншы адам екенмін.  

Жылдам тағам әзірлейтін кафеде жұмыс істеймін. Бүгін кассаға бір ер кісі келіп: «Менің артымда бір қыз тұр, мен оны танымаймын. Бірақ мен оның кофесі үшін ақысын төлегім келеді. Оған «Сәтті күн!» тілеңізші» деді. Алғашында бойжеткен қатты таңқалды.... сосын менен кейінгі адам үшін де дәл солай істеңізші деп өтінді. Солай 5 рет қайталанды.

Бүгін жауғандай жауын ұзақ уақыттан бері жаумаған болатын. Жұмыстағылар менің көлігімді біреудің айналшықтап жүргендігін айтты. Мен далаға жүгіріп шықтым. Бәрі орнында, ешнәрсеге тимеген. Тек, ішіне су кірмесін деп көлігімнің төбесіндегі люкті біреу мықтап жауып кетіпті.

Достар мейірімді болуды ұмытпайық!

Гүлнұр ДосболГүлнұр Досбол
6 жыл бұрын 6268
6 пікір
  • Байқап отырсаңыз мейірімділік туралы бір нәрсе оқи қалсаңыз, көзіңізге жас келеді. Сіздерді қайдам, менде солай. Бұл мейірімділіктің азайып бара жатқаны болар. Жазбаңыз расында мейірімділік туралы қызықты жазбалардан құралған екен. Рахмет! Алла разы болсын!
    6 жыл бұрын
  • Інім осыдан 3-4 жыл бұрын бір досымен АҚШ-тың бір шағын қалашығына барған еді. Баратын жерлеріне түн ішінде барып жеткен екен де, күтіп алатын адам бір себептермен келмей қалыпты. Қалың қазақ ортасы емес – ай дала. Тілі бөтен, діні бөтен ел дегендей. "Түн ортасында кімге барамыз, қайда барамыз" деп тұрғанда мотоциклмен жандарынан өтіп бара жатып біреу тоқтай қалып жөн сұрайды. Бұлардың жолаушы екенін, абдырап тұрғандарын біліп, "сәл тұра тұрыңдар, мен қазір келемін" деп келген жолымен кері қайтады. Көп күттірмей әлгі адам басқа көлікпен келіп, екі қазақты мінгестіріп алып, үйіне апарады. Тамағын беріп, қондырып, ертеңгісін қонақтарын баратын жерлеріне жеткізіп салған екен. Бұл істеген істерінің ешбіріне де ақы сұрамай, бергенін де алмай мәрттік жасаған екен.
    6 жыл бұрын
  • Бала кезімізде әкм марқұм поездан түссе де, көлікпен жүрсе де құдайы қонақ деп неше түрлі адамдарды ертіп келіп қонақ етіп күтіп жіберетін едік. Баламыз ғой ол әдетін онша түсінбейтінбіз, сөйткен әкем не бәрі 47 жасында өмірден озды.
    6 жыл бұрын
  • Діннен алшақтасаң мейіріміңде жоғалар.Тура жолды тауып берген Мұхаммед пайғамбарға Аллаға шүкіршілік етемін.
    6 жыл бұрын
  • Екі қыз баланың шашын алып тастағаны ұят болған екен) (əзіл)
    6 жыл бұрын
  • Қандай керемет жандар)
    6 жыл бұрын
Блог туралы