Өзіңнің жасаған ісің өзіңе қайтып келеді!
Өзіңнің жасаған ісің өзіңе қайтып келеді!
«Өзіңнің жасаған ісің өзіңе қайтып келеді!» 

Жиырмасыншы ғасырдың басында шотландық бір фермер үйіне қайтар жолда батпақ жердің жанынан өтеді. Кетіп бара жатып, ол көмек сұраған дауысты естиді. Шаруа дауысқа қарай барғанда, балшыққа кіріп бара жатқан баланы көреді. Кішкентай балшықтан шықпақ болып талпынады, алайда ол әр талпынған сайын, тұңғиық өзіне қарай тарта береді. Бала қорқыныштан айғайлай бастайды.

Шаруа жылдам бұтаны сындырып, ақырын ғана таяп, бұтаның ұшын созады. Балақай қауіпсіз жерге шығарылады. Әбден қорыққан бала, ұзақ уақыт жасын тия алмайды, бірақ ең бастысы ол аман қалады.

 - Жүр, үйге барайық, - дейді фермер оған, – Саған қорқынышыңды басып, үстіңді кептіру керек, жылынып алу да қажет.

- Жоқ, жоқ, - деп басын шайқайды бала, - мені әкем күтіп отыр. Ол уайымдап отқан болар.

Құтқарушысына алғыс айтып, бала жүгіріп кетеді...

Таңертең фермер есік алдына арғымақ аттарға жүгенделген, сән-салтанатты керемет арбаның келіп тоқтағанын көреді. Арбадан үстіне жақсы киім киген джентельмен түсіп:

- Кеше баламның өмірін құтқарған сіз бе? - деп сұрайды.  

- Ия, мен, - деп жауап береді фермер.

- Мен сізге қанша қарызбын?

- Мені ренжітпеңіз, мырза. Сіз маған ешнәрсе де қарыз емессіз, себебі мен кез келген адам жасайтын әрекетті жасадым.

- Жоқ, мен мұны бұлай қалдыра алмаймын, балам маған өте қымбат. Кез келген қаржыны айтыңыз, - деп қоймайды қонақ.

- Бұл тақырыпта артық сөйлескім келмейді. Сау болыңыз! – деп фермер кетпек болады.

Осы кезде оның баласы жүгіріп шығады.

- Мынау сіздің ұлыңыз ба? – деп сұрайды бай қонақ.

- Ия, - деп мақтанышпен жауап береді фермер.

- Олай болса, былай жасайық. Мен ұлыңызды өзіммен бірге Лондонға алып кетем және оның білім алуын қаржыландырамын. Егер, ол, әкесі сияқты қайрымды жан болса, сіз де, мен де өз шешіміміз жөнінде өкінбейтін боламыз.

флеминг

Арада біраз уақыт өтеді. Шаруаның баласы мектепті бітіріп, медицина университетіне түседі. Аз уақытта пенициллинды ашқан ретінде оның аты бүкіл әлемге тарайды. Ол Александр Флемминг еді. Соғыстың алдында Лондонның бай емханаларының біріне баяғы джентельменнің ұлы күрделі өкпе қабынуымен түседі. Бұл жолы оның өмірін Александр Флеммингпен ашылған пеницилин құтқарып қалады.

Флемингке білім алуға көмектескен бай джентельмен Рандольф Черчилль болатын. Ал оның ұлының аты Уинстон Черчилль еді. Кейін ол Англияның премьер-министрі болды. 

Уинстон Черчилль бірде: «Өзіңнің жасаған ісің өзіңе қайтып келеді!» деген болатын. 

жақсылық, Уинстон Черчилль, Флеминг
Гүлнұр ДосболГүлнұр Досбол
6 жыл бұрын 4353
3 пікір
Блог туралы